Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті РММ медициналық қызметті профилактикалық бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті бойынша норма шығару қызметін жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, талдау және мониторинг жүргізу. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тарту мониторингі. Аумақтық бөлімшелер мен бейінді қызметтердің қызметі туралы есептік деректерді, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне барумен және барусыз профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді жинау және талдау. Профилактикалық бақылау нәтижелерін талдау және мониторингілеу және құзыреті шегінде нұсқамаларды орындау. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу. Республика өңірлерінің негізгі статистикалық көрсеткіштері мен проблемалық мәселелері бойынша ақпарат дайындау. Медициналық көмектің сапасын бақылау мәселелері бойынша алқада, кеңестерде материалдарды ұйымдастыру және дайындау. ҚР-да медициналық ұйымдардың, өңірлердің және ҒЗИ/ҒО қызметін рейтингтік бағалау бойынша жұмыстар жүргізу. Интернет-ресурста контентті орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізу. "Ашық үкімет" порталында ақпаратты орналастыру және өзекті ету. Басым бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі мен медициналық көмектің сапасын басқару бөлімі бойынша Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.01.2021 – 18.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Түркістан қаласы, Т.Озал көшесі, 8 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8(725)33-6-36-69, 87479030189