Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметті талдау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 25-07-5 (А блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. Құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласында нормашығармашылық қызметті жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлеу. Тәуелсіз сараптаманы дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру. Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерін дамыту саясатын әзірлеу. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу, пациенттің құқықтары мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Құзыреті шегінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институты шеңберінде мемлекеттік саясатты әзірлеу. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізу бойынша Штаб қызметін үйлестіру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау бойынша жұмысты үйлестіру.  Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау бойынша жұмысты үйлестіру. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.06.2026 – 18.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

22.06.2026

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-27-69