Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), № 25-04-4 (А-блогы) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2026 ж. 19 тамызға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. Құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің және т.б. тексеру актілеріне дау айту жөніндегі қызметті ұйымдастыру.  Апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыру, тәуелсіз сарапшыларды тарту жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тарту мониторингін жүзеге асыру. Ана өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Ана өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі Республикалық штаб отырысына ана өлімінің тексерілген жағдайларының нәтижелері бойынша материалдар дайындау. Өңірлрде Пациенттерді қолдау және ішкі  сараптама қызметтерін (бұдан әрі – Қызмет) дамыту саясатын орындау, сондай-ақ өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларын үйлестіру, қызметтің жұмысын талдау.  Өңірлерде Тәуелсіз сараптамалық комиссия қызметін, сондай-ақ  сақтандыру жағдайын талдай отырып арыздарды қарауды үйлестіру. Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша қызметті, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарды үйлестіру. Өз құзыреті шегінде босану және балалық шақ бойынша өтініштерді қарау. Халық арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында резонанс тудырған жағдайларға жедел ден қою. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу.  Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.06.2026 – 18.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

22.06.2026

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-27-69