Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты (1 бірлік), №25-17-04-01 (блок А)
Медициналық бақылау комитеті
Жамбыл облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
терапия және/немесе кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы және/немесе гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы және/немесе нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы және/немесе дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы және/немесе невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы және/немесе психиатрия және/немесе клиникалық фармокология және/немесе анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар және/немесе жалпы хирургия және/немесе нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы және/немесе онкология (ересектер) және/немесе травмотология-ортопедия, соның ішінде балалар травмотологиясы және/немесе урология және андрология, соның ішінде балалар және/немесе офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы және/немесе педиатрия және/немесе акушерлік және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, іске асыру және жоспарлау. Медициналық қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелеріне, сондай-ақ жоспарлы тексерулер нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына, сотқа жіберілген материалдарға мониторинг жүргізуді және талдауды үйлестіру, сот отырысына қатысуға. Ана мен бала өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Бөлім қызметкерлерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Бейінді қызметтердің қызметі туралы есептік деректерді жинау мен талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру және жүргізу. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды және нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелерін талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.isak@dsm.gov.kz
- 10.04.2026
- онлайн
-
Исак Алмас Наурызбайұлы
8(7172) 74-27-69