Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), № 25-29-2 (В-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Комитеттің мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ өкілеттік шегінде басқа органдар мен ұйымдарда ұсыну. Сот жұмысын, Аумақтық бөлімшелер мен Комитеттің әкімшілік ісін талдау және жалпылау. Құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрлік алқасының, Комитеттің Талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 04.03.2026
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 74-27-69