Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, С-О-1 санаты, (№ 25-28-8), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2028 жылғы 24 шілдеге дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) А блогы
Медициналық бақылау комитеті
Шымкент қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларына мониторингті жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 20.02.2026
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 742769