Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 25-06-4 (А-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде функционалдық міндеттеріне сәйкес бағыттар бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігіне аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу. Аккредиттеу органдарын үйлестіру, Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргізу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 15.01.2026
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-27-69