Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1-бірлік), № 25-22-04-05, (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Медицина

Функционалды міндеттер

Медициналық қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелеріне, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарға мониторинг жүргізуді және талдауды үйлестіру. Ана мен бала өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Бейінді қызметтердің қызметі туралы есептік деректерді жинау мен талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру және жүргізу. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды және нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелерін талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.10.2025 – 29.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

03.11.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, «Қазына Towers» БО (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-27-69

Исак Алмас Наурызбайұлы