Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасының басшысы, C-3 санаты, № 25-29-1 (В-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Менеджмент
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
- Жалпы медицина
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау. Комитеттің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмысын үйлестіру. Комитеттің мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ өкілеттік шегінде басқа органдар мен ұйымдарда ұсыну. Құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. құзыреті шегінде Министрлік алқасының, Комитеттің Талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Комитет қызметін ақпараттық сүйемелдеуді бақылау. Комитет төрағасының қатысуымен алқалар, кеңестер, баспасөз конференциялары, брифингтер, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырады. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады. Комитет төрағасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, төменгі буын әкімдері аппараттарының, мемлекеттік басқарудың облыстық атқарушы органдарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру, құжат айналымының жай-күйін талдау мен бақылауды жүзеге асыру. Ақпараттық-коммуникациялық (техникалық) сүйемелдеуді бақылау және Комитет қызметінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 17.10.2025
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 74-27-69