Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметті талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік), № 25-07-1 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және ұйымдастыру. Медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. Құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласында нормашығармашылық қызметті жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлеу. Тәуелсіз сараптаманы дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру. Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерін дамыту саясатын әзірлеу. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу, пациенттің құқықтары мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Құзыреті шегінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институты шеңберінде мемлекеттік саясатты әзірлеу. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізу бойынша Штаб қызметін үйлестіру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау бойынша жұмысты үйлестіру.  Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау бойынша жұмысты үйлестіру. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2025 – 09.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

13.10.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-27-69