Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, санаты C-O-4 (1 бірлік), 25-31-07-01 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Фармация

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау, үйлестіру, іске асыру және жоспарлау. Өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды, Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына, құрамында этил спирті бар дәрілік заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2025 – 10.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

12.09.2025

Сұхбаттасу орны

Комитет медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан, 010000, город Астана, Дом министерств, проспект Мәңгілік Ел 8, 9 подъезд (при необходимости собеседование может быть проведено посредством дистанционных средств видеосвязи)

Анықтама алу үшін байланыс

Исак Алмас Наурызбайұлы

8(7172) 74-27-69