Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан бойынша департаментінің Медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, тұрақты лауазым

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелерінің, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдардың мониторингін және талдауын үйлестіру. Ана мен бала өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Бейінді қызметтердің жұмысы туралы есептік деректерді жинауды және талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне бару және бармай профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру және жүргізу. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды тексеру нәтижелерінің мониторингіне және нұсқамалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

А функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2025 – 14.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.04.2025

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

Сабыржанова Рауан Хозыевна

8 7172 742769