Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2027 ж. 5 наурызға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), С-4 санаты (1 бірлік), № 25-05-3 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Аумақтық бөлімшелердің қызметі туралы есепті деректерді жинау мен талдауды, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру. Профилактикалық бақылау тексерулерінің нәтижелеріне мониторингті және құзыреті шегінде нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді үйлестіру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау. Медициналық инциденттерді (қателерді) есепке алу және талдау жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің мониторингі нәтижелері бойынша қызметті жүзеге асыру. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ішкі бақылау жүргізу және қатысу.  Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2025 – 10.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

15.04.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-27-69