Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, №25-27-07-01 (А-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік тілді және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
"А" фунционалдық блогы.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау, үйлестіру, іске асыру және жоспарлау. Өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды, Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін жүзеге асыру. Дәрілік заттар менмедициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына, құрамында этил спирті бар дәрілік заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.latanova@dsm.gov.kz
- 17.02.2025
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)742769