Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 25-05-4 (А-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Құзыреті бойынша норма шығару қызметін жүзеге асыру. Басқарма құзыреті шегінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшылардың тартылуына мониторингті жүзеге асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қызметті үйлестіру, аумақтық бөлімшелердің қызметі туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша тексерулердің және босандыру ұйымдарының ерекше тәртібінің есептілік деректерін талдау. Профилактикалық бақылау, босандыру ұйымдарының ерекше тәртіппен тексеру және құзыреті шегінде нұсқамаларды орындау нәтижелерінің мониторингін жүргізу. Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, берілген ЖТМК қорытындыларын жинау және талдау. Жоспарлы медициналық көмек (Медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған көмек) көрсету кезінде пациенттердің кенеттен қайтыс болуына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелерді үйлестіру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 03.09.2024
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 74-27-69