Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Медицина

Қосымша талаптар

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік тілді және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық блогы - "А"

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысына жалпылай басшылық ету, үйлестіру, іске асыру және жоспарлау. Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, соның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу жөніндегі қағидалардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Тәуелсіз сарапшылардың жоспардан тыс тексерулерге тартылуын қамтамасыз ету. Жоспардан тыс тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарға мониторинг пен талдау жүргізілуін үйлестіру. Ана мен бала өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау жөніндегі жұмысты үйлестіру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Тәуелсіз сарапшылардың профилактикалық тексерулерге тартылуын қамтамасыз ету. Бейінді қызметтердің қызметі туралы есептік деректердің жинақталуы мен талдауын ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне бару және бармау арқылы профилактикалық бақылау жөніндегі тексерулерді үйлестіру және жүргізу. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды тексеру нәтижелеріне мониторингтің жүргізілуіне және нұсқамалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектілері мамандарының жоғары технологиялы медициналық қызметтерді ұсынуға сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.08.2024 – 23.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

28.08.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 742769