Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), №25-10-2 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2025 ж. 28 наурызға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) (A-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Биотехнология
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Өз құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асыру. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 21.08.2024
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 74-27-69