Медициналық қызметті талдау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), 25-07-4 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2026 ж. 27 қарашаға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) (А-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласында норма шығармашылық қызметті жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлеу. Тәуелсіз сараптаманы дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, медициналық ұйымдарда құпия аудитті енгізу, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің және өңірлердің Call-орталықтарының жұмысын үйлестіру. Медициналық инциденттерді (қателерді) есепке алу және талдау жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігіне аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу бойынша іс-шараларды, пациент құқықтары мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Өз құзыреті шеңберінде босандыру және балалар бойынша өтініштерді қарау. Комитеттің және Комитеттің тексеру актілерін даулау жөніндегі қызметті ұйымдастыру. Апелляциялық комиссияның жұмысына, тәуелсіз сарапшыларды тарту жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелеріне, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарға мониторинг жүргізуді және талдауды үйлестіру. Ана өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Ана өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырыстарына ана өліміне жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша материалдар дайындау. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 21.08.2024
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 74-27-69