Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы (2 бірлік), С-О-5 санаты, №25-28-04-02, №25-28-04-05 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Қосымша талаптар

емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Медициналық қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелеріне, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарға мониторинг жүргізуді және талдауды үйлестіру. Ана мен бала өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіру.  Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Бейінді қызметтердің қызметі туралы есептік деректерді жинау мен талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру және жүргізу. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды және нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелерін талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.07.2024 – 25.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

30.07.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-27-69