Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 25-08-2 (A-блогы)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Биотехнология
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
Функционалды міндеттер
Денсаулық сақтау субъектілерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы қызметіне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына, құрамында этил спирті бар дәрілік заттардың айналымына, фармацевтикалық қызметпен айналысуды лицензиялау қағидаларына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегиясын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тексерулерді жоспарлау және жүргізу. Жалған дәрілік заттарды сатудың жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
al.alieva@dsm.gov.kz
- 22.07.2024
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 74-27-69