Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (ОФИИГУВСФД-3), уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 2025 жылғы 5 ақпанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, А блогы
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
Ақтөбе облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Биотехнология
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды, фармацевтикалық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру.Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестік мәселелерін үйлестіру және инспекциялар жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
А функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
r.sabyrzhanova@dsm.gov.kz
- 01.07.2024
- онлайн
-
Сабыржанова Рауан Хозыевна
8 (7172)74-27-69