Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1 бірлік), №25-19-04-03 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Педиатрия

Функционалды міндеттер

Медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелерінің, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдардың мониторингін және талдауын үйлестіру. Ана мен бала өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды қамтамасыз ету. Бейінді қызметтердің жұмысы туралы есептік деректерді жинауды және талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне бару және бармай профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру және жүргізу. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды тексеру нәтижелерінің мониторингіне және нұсқамалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.06.2024 – 11.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.06.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 10-үй, 9 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-27-69