Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 25-05-5 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Құзыреті бойынша норма шығару қызметін жүзеге асыру. Басқарма құзыреті шегінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшылардың тартылуына  мониторингті жүзеге асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қызметті үйлестіру, аумақтық бөлімшелердің қызметі туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша тексерулердің және босандыру ұйымдарының ерекше тәртібінің есептілік деректерін талдау. Профилактикалық бақылау, босандыру ұйымдарының ерекше тәртіппен тексеру және құзыреті шегінде нұсқамаларды орындау нәтижелерінің мониторингін жүргізу. Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, берілген ЖТМК қорытындыларын жинау және талдау. Жоспарлы медициналық көмек (Медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған көмек) көрсету кезінде пациенттердің кенеттен қайтыс болуына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелерді үйлестіру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2023 – 15.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.12.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 57-51-24