Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы, (2 бірлік) санаты С-О-5, № 25-30-06-02, 25-30-06-03 (А-блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Абай облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Фармация

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды, Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестік мәселелерін үйлестіру және инспекциялар жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.10.2023 – 10.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.10.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 57-51-24