«DariKZ» мобильді қосымшасы

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы әзірлеген DariKz қосымшасында Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар туралы жан-жақты ақпарат бар. DariKz қосымшасының көмегімен дәрі-дәрмектің бағасын, қажетті сертификаттарды тексеріп, пайдалану   нұсқаулығымен толық танысуға болады.
Мобильді қосымшаны жүктеп алған пайдаланушыға дәрілік заттың дозасы/концентрациясы, сақтау мерзімі, дәрілік препараттың сақтау мерзімі, ерекше белгілері, дәрінің түпнұсқа әлде дженерик екені, рецепті немесе рецептсіз дәрі туралы ақпарат қолжетімді.
Сонымен қатар, егер препараттың құны заңмен бекітілген шекті бағадан жоғары болса, онда DariKZ қолданушылары мобильді қосымша арқылы онлайн-шағымдана алады. Шағымдар одан әрі шаралар қабылдау үшін тиісті реттеуші органның аумақтық департаменттеріне жіберіледі.
DariKz мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Android Және IOS платформасында жұмыс істейді. 
Жүктеуге арналған сілтемелер: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari және https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1518808783