Жеке медициналық кабинеттер мен клиникаларды тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті өткен жылдан бастап жеке процедуралық кабинеттер мен стоматологиялық клиникаларға тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Өңірлерде 1900-ден астам жұмыс істеп тұрған жеке процедуралық кабинет анықталды, олардың 408-і лицензиясыз қызмет көрсеткен. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 270 кабинет өз еркімен жұмысын тоқтатты. 116 нысан бойынша жоспардан тыс тексерулер аяқталып, олардың қорытындысы бойынша 16 млн теңгеден астам сомаға 147 әкімшілік айыппұл салынды.
Стоматологиялық клиникаларға 408 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 89,1 млн теңге сомасына 525 әкімшілік айыппұл салынды, 61 клиника қызметін тоқтатты.
Сонымен қатар жедел әрекет ету шаралары ретінде 20 шара қолданылды: 16 клиниканың қызметі уақытша тоқтатылды, 3 медицина қызметкері жұмысынан шеттетілді, бір медициналық жабдықты пайдалануға шектеу қойылды.
Лицензиясыз жұмыс істеу, лицензиялық және біліктілік талаптарын сақтамау, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзу, жалған жарнама орналастыру, санитарлық нормаларды және дәрілік заттарды сақтау ережелерін бұзу, сондай-ақ білікті мамандар мен шұғыл көмек көрсету құралдарының болмауы сияқты фактілер анықталды.
Бақылау шаралары жалғасуда және уәкілетті органның ерекше бақылауында.