Сертификациялау барысында «рандомды» бөлу жүйесін енгізу

Сертификациялау барысында «рандомды» бөлу жүйесін енгізу

 2025 жыдың 19 тамызынан клиникалық практикамен айналысатын мамандардың сертификациялау үдерісінің ашықтығын және тиімділігін арттыру мақсатында өтінімдерді 20 аумақтық департамент арасында рандомды бөлу жүйесін енгізілді.

Аталған жүйе өтінімдердің теңдей бөлінуін қамтамасыз етіп, белгілі бір департаментке жүктеменің шектен тыс түсуіне жол бермейді. Өтінімдерді автоматты түрде кездейсоқ бөлу алгоритмі адами фактордың ықпалын азайтып, барлық қатысушылар үшін бірдей жағдай жасайды.

Бұл өзгерістердің негізгі нәтижесі – өтінімдерді қолмен бөлуді болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сертификациялау жүйесіне деген сенімді арттыру және аумақтық департаменттер арасындағы жұмыс жүктемесін оңтайландыру.