МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

Жарияланған күні: 10 шілде 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

 Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне өтінішті қалай беруге болады?

Егер сізде:
✅ медициналық көмектің сапасына;
✅ медициналық қызмет көрсетуге;
✅ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымына;
✅ медициналық немесе фармацевтикалық қызметті лицензиялауға;
✅ медицина қызметкерлерін сертификаттау немесе аттестаттауға қатысты сұрақтар немесе шағымдар болса – Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне немесе оның аумақтық департаменттеріне жүгіне аласыз.

Өтініш беру тәсілдері:

📍 1. eOtinish платформасы арқылы
eotinish.kz немесе egov.kz порталында:
• ЭЦҚ арқылы кіріңіз;
• «Өтініш беру» қызметін таңдаңыз;
• Комитетті немесе тиісті аумақтық департаментті көрсетіңіз;
• Өтінішті толтырып, жіберіңіз.
Өтініштің қаралу мәртебесін жеке кабинеттен бақылауға болады.

📍 2. Жазбаша түрде
Өтінішті пошта арқылы немесе Комитеттің кеңсесіне жеке тапсыруға болады.

📍 3. Телефон арқылы
📞 Call-орталық: +7 701 006 5900

❗ Маңызды:
Өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.

⏳ Қарау мерзімі:
• өтініштер – 15 жұмыс күні;
• шағымдар – 20 жұмыс күні.
Қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге алдын ала хабарланады.

🌐 Толық ақпарат Комитеттің ресми сайтында:
www.gov.kz/memleket/entities/kmfk