«Ашық диалог» порталындағы интернет-конференция

«Ашық диалог» порталындағы интернет-конференция

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында онлайн режимінде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы негізгі бағыттар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лязят Рсымбекқызы Қашқымбаева жауап береді. Осы тақырып бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарды сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында онлайн режимінде қоюға болады.

Оқиға күні

10 сәуір 2023

Оқиға түрі

Конференция