Сарымсақов Батырхан Нұрлыбекұлы
Төрағаның орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Батырхан Сарымсақов 1989 жылы 12 қыркүйекте Ресей Федерациясының Томск қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде бастаған. Әр жылдары медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті сарапшысының және сарапшысының міндетін атқарушы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасының бас сарапшысы, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті медициналық қызметті бақылау басқармасының бас сарапшысы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық жәрдем басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2022-2026 Ж. Ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментін басқарды.
2025-2026 жылдары "Өңірлік даму"білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында білім алды.