Мемлекеттік қызметтер мен функционалдық коммуникацияларды құқықтық қамтамасыз ету және саясат басқармасы

  • реттеуші:
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлейді және жүргізеді;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық актілерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына және кодекстеріне мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі жобаларды әзірлейді;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу;
  • мемлекеттiк қызмет көрсетудiң электрондық нысанын көздейтiн, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелді актiлер жобаларын келiсу;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын келісу;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерді және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілер жобаларының уақтылы әзірленуін және келісілуін бақылау.
  • жүзеге асыру:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бөлігінде қажетті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге мониторингті жүзеге асырады;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік қызметтер көрсетуді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оларды көрсету процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Жұмыс топтарына, отырыстарға қатысу;
  • көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (мемлекеттік қызмет көрсетудің экстерриториялық қағидатын енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту);
  • басқарманың құзыретi шегiнде азаматтардың өтiнiштерiн қарауды, қолданыстағы заңнама шеңберiнде қажеттi түсiнiктемелер берудi қамтамасыз етедi.