«Электрондық үкіметтің» дамыту басқармасы

  • «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу;
  • «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу;
  • Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асырады ;
  • Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды ұсыну форматының тәртібін әзірлеу ;
  • Автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты әзірлеу;
  • Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және келісу;
  • Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
  • Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.