Жиі қойылатын сұрақтар

  «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4-тармағына сәйкес эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.

  Анықтама: эвакуациялық органдарға (ҚР ІІМ 06.03.2015 ж. №190 бұйрығының 46-тармағы) жатады:

  эвакуациялық комиссиялар (орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);

  эвакуациялық қабылдау комиссиялары (эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдауды және орналастыруды жүзеге асыратын ауылдық аудандарда, қалаларда);

  құрама эвакуациялық пункттер;

  аралық эвакуация пункттері;

  қабылдау эвакуациялық пункттері;

  зардап шеккен халықты қабылдау пункттері.

  Заңның 21-бабына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды алдын ала жүзеге асырады.

  Эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру үшін қос мақсаттағы объектілер пайдаланылады. Қос мақсаттағы объектілер деп жинау эвакуациялық пункттері, аралық эвакуациялық пункттері, қабылдау эвакуациялық пункттері ретінде пайдаланылатын адамдар жаппай болатын Әлеуметтік сала объектілері түсініледі (ҚР ІІМ 06.03.2015 ж. №190 бұйрығының 50-3-тармағы).

  Анықтама: адамдар жаппай болатын объектілерге – сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ойын-сауық мекемелерінің, көліктің барлық түріндегі вокзалдардың, бір мезгілде жүз және одан да көп адамның болуына есептелген ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) ғимараттары, құрылыстары, үй-жайлары,  сондай-ақ жиырма бес және одан да көп адамның бір мезгілде болуына есептелген Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараты, ғимараты (Заңның 1-бабы).