Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша қысқаша анықтама

Краткая справка

План действий

Негізгі ақпарат

Негіздеме:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппараты басшысының 2025 жылғы 6 тамыздағы №243 бұйрығы (Төлеев Н.Т.).

Талдау методологиясы:
Талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың үлгілік ережелеріне» сәйкес жүргізілді (АДГСПК бұйрығы 19.10.2016 №12) және АПК әдістемелік ұсыныстары (30.12.2022 №488) ескерілді. Қамту – Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері, кезең – 01.09.2024-тен 01.08.2025 дейін.

Талдау бағыттары:
Талдау 5 негізгі бағыт бойынша жүргізілді:

  1. Кадрлық басқару:
    Штат саны – 321 бірлік, нақты қызметте – 287, бос орындар – 34. Қызметкерлердің жетіспеушілігі инспекторларға жүктемені арттырады және бақылау функцияларын толық қамтуды төмендетеді.

  2. Мүдделер қақтығысын реттеу:
    Этика өкілдерінің жұмысы шағымдарды тіркеу мен түсіндірме жұмыстары шегінде ғана жүргізіледі. Мүдделер қақтығыстарын жүйелі алдын алу және қайталанатын бұзушылықтарды болдырмау механизмдері дерлік жоқ.

  3. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:
    Тәуекелдер:нұсқаулықтарды формалды орындау, тергеу қорытындыларын әлсіз бақылау.

  4. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
    Кейбір процестер (жалақы қарыздары, есеп беру) қолмен жүргізіледі, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырып, мәліметтердің дәлдігін төмендетеді.

  5. Ұйымдық қызметтің өзге мәселелері:
    8 ай ішінде 47 мың азаматтық өтініш түсті, оның ішінде қайталанулар мен шешімдерге шағымдардың елеулі үлесі бар. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу жағдайлары анықталды. Бақылау қызметінің нәтижелерінің жариялылығы мен ашықтығы жеткіліксіз, бұл еңбек инспекциясына сенімділікті төмендетеді.

Қорытынды:
Жүргізілген талдау кадр тапшылығы, мүдделер қақтығысын формалды реттеу, бақылау жұмысының олқылықтары, цифрландыру деңгейінің төмендігі және процедуралардың ашық еместігімен байланысты жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін көрсетті.

 

Дата публикации
20 января 2026
Дата обновления
20 января 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы