Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының барлық тауарлар бойынша (ЕАЭО елдерін қоспағанда) тауарлардың шығарылған және межелі елдерді көрсете отырып және салалар бөлінісіндегі импорт және экспорт бойынша статистикалық деректер kgd.gov.kz порталында орналастырылған.
Аталған мәселе ҚР ӨҚМ ақпараттық жүйелерін ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау аяқталғаннан кейін шешіледі.
"Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес экспорттаушы немесе импорттаушы, уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшелері) немесе репатриаци талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен келіп түсетін валюталық бақылаудың өзге де органдары ұсынатын ақпараттар және (немесе) валюталық шарт бойынша құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, көрсетілген қызметтердің актілері, шот-фактуралар, іс жүзінде берілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін инвойстар, тауарларға арналған декларациялар, жанама салықтарды төлеу немесе қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босату туралы растамасы бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, жанама салықтарды төлеу (босату не төлеудің өзге тәртібі) фактісін растау туралы хабарламалар, шетелдік банкте ашылған шот бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың талаптарына сәйкес салыстыру актілері валюталық бақылау құжаттары болып табылады.
2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 244,251-баптарында көзделген бөлігінде мынадай әкімшілік шаралар көзделген, атап айтқанда:
- ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау;
- экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алу тәртібін бұзу;
- есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша ақпарат, құжаттар мен есептерді беру тәртібін бұзу.
Құжаттар тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 8-тармағында келтірілген
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданатын тауарлардың Тізбесі және осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшері бекітілді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу мен айналысқа шығарудың кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының 1-тармағына сәйкес (2015 жылғы 16 қазан, Бурабай қ.) баждардың төмендетілген мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тауарларды әкелу және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы жұмыс тобы Баяндамасының 307-параграфында көзделген шарттарды ескере отырып қолданылады.
1) ҚР ҚМ МКК валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияны беру бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №78 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы №1054 бұйрығына, сондай-ақ «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР ҚМ МКК валюталық бақылау функцияларын беру және оның құзыреттері, оның ішінде тексерулерді жүзеге асыру бойынша;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі валюталық кірісті репатриациялау бөлігінде валюталық заңнаманы бұзғаны үшін адамдарды тарту жөніндегі функцияны беру бөлігінде;
4) "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығы;
5) экспорттық-импорттық операциялар бойынша валютаны репатриациялау мониторингін жүзеге асыру функцияларын беру бөлігінде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысы.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 5-тарауының ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылған жерін айқындау мақсаттарында және қағидалары бойынша (бұдан әрі – әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары) жүзеге асырылады.
Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.
Тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжаттар болып табылады. Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.
Уәкілетті орган айқындаған кеден органдары кедендік декларациялау кезінде кедендік операциялар жасалатын уақытты тұлғалардың өтініші бойынша қысқарту мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін осындай тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі осы тарауда – тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер) қабылдайды.
Өздеріне қатысты тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарларды кедендік декларациялау кезінде олардың шығарылған жері туралы мәліметтер тауарлардың шығарылған жері туралы қабылданған алдын ала шешімдерге сәйкес тауарларға арналған декларацияларда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 41-бабына сәйкес тұлғалардың өтініші бойынша кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі – тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 40-бабына сәйкес декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес жүзеге асырады.
Кеден органы кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кеден органы олардың дұрыс сыныпталмағанын анықтаған жағдайларда, тауарларды сыныптауды жүзеге асырады. Бұл жағдайда кеден органы тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды, ол орындау үшін міндетті болып табылады.