ШҚО бойынша МКД-де лайықты марапаттар табысталды

Көру саны:3
ШҚО бойынша МКД-де лайықты марапаттар табысталды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс - шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлерге адал еңбектері, жоғары кәсібиліктері және мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Салтанатты жиын аясында адал қызметі мен жоғары кәсіби жетістіктері үшін Департамент қызметкерлеріне марапаттар табысталды. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға белсенді атсалысып жүрген азаматтық қоғам өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары – Елена Березинская - Абилова, Светлана Осикова және Елена Лукаш марапатталды.
Іс - шараның ерекше сәттерінің бірі – Департамент қызметкері Нұргүл Адыбаеваға қызметтік үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстау салтанаты болды. Тұрғын үй Өскемен қаласы Әкімінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 2502 қаулысы негізінде білікті маманның көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігін бағалау мақсатында ұсынылды.
Мерекелік іс - шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, еліміздің қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.
18 қараша 2026
18 қараша 2026