Ұлттық валюта күні қарсаңында: «Қаржы жүйесінің адамдары – мемлекет қызметіндегі 20 жыл»

Көру саны:4
Ұлттық валюта күні қарсаңында: «Қаржы жүйесінің адамдары – мемлекет қызметіндегі 20 жыл»
Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күні қарсаңында – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу және дербес шоттарды жүргізу бөлімінің басшысы, мемлекеттік кірістер органдарында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар Людмила Евгеньевна Агаринаның кәсіби жолы мен мемлекеттік кірістер органдарының дамуына қосқан үлесі туралы сыр баяндайды.
«Менің аты-жөнім – Агарина Людмила Евгеньевна. Мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дербес шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімінің басшысымын.
Мемлекеттік кірістер органдарындағы еңбек жолымды 1990 жылдың маусым айында Таврия аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер бөлімінде бастадым. Алғашқы жылдары негізгі міндетім салықтар мен төлемдердің түсімдерін тізілімдер мен дербес шоттарда қолмен есепке алу болды.
Еңбек жолымда салық жүйесіндегі ауқымды өзгерістердің куәсі болдым. Алғашқы дербес компьютерлер мен «АРМ Госдоходник» бағдарламасынан бастап, ИНИС, ЦУЛС және бүгінгі ИСНА ақпараттық жүйелеріне дейінгі даму кезеңдерінен өттім.
1997 жылы облыстық салық инспекциясына жұмысқа ауыстым, ал 2003 жылы бөлім басшысы болып тағайындалдым.
35 жылдан астам еңбек өтілімде салықтық әкімшілендіру тәсілдері түбегейлі өзгерді. Бүгінде заманауи цифрлық технологиялар есеп жүргізуді жедел, ашық әрі сапалы жүзеге асыруға, салық төлеушілердің өтініштеріне жылдам жауап беруге және туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Өткен еңбек жолыма көз жүгірте отырып, қызметімнің алғашқы жылдарын ерекше жылылықпен еске аламын. Қағаз құжаттардан заманауи цифрлық платформаларға дейінгі үлкен өзгерістердің қатысушысы болғанымды мақтан тұтамын.,
Толық бейнежазбаны осы сілтеме арқылы көруге болады - https://www.instagram.com/reel/DfsLwcmoTtr/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==
17 қараша 2026
17 қараша 2026