2026 жылғы 9 айдағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ке салық төлемдерінің түсімі

2026 жылдың 9 айындағы кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетке салық төлемдерінің мониторингі.

2026 жылғы 9 айдағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ке салық төлемдерінің түсімі


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС;  «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС.  

2026 жылдың 9 айында салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 158,9 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 25,1 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 133,7 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 18,2 млрд.теңге түсті.

Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 38,5% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 16,0% - ды; республикалық бюджет бойынша 52,4% - ды құрайды.

Республикалық мониторинг кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдерінің өсу қарқыны 2026 жылдың 9 айында 2025 жылдың ұқсас кезеңіне мемлекеттік бюджет бойынша 155,7% немесе 56,9 млрд.теңге сомамында өсімді құрады; республикалық бюджет бойынша 185,5% немесе 61,6 млрд.теңге өсімді құрады.

Жарияланған күні

09 қараша 2026

Жаңарту күні

09 қараша 2026