Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі

Суретте Қазақстан теңгелері бейнеленген. Банктноттар желпуіш тәрізді етіп қойылған, олардың жанында 100 теңгелік және басқа да номиналдағы тиындар бар. Оң жағында есептеулерге арналған калькулятор жатыр.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және заңды мәртебесі бар және келесі шарттарға сай келетін жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлер емес) қолданылуы мүмкін:

1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі рұқсат етілген бір немесе бірнеше қызмет түрімен айналысатындар.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

2) қызметкерлерді жұмысқа алмайтындар;

3) күнтізбелік айдағы табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтындар.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолданудың салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

Табыс салығының мөлшерлемесі жеке табыс салығы үшін 0 пайызды және әлеуметтік аударымдар үшін 4 пайызды құрайды. Әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер қоғамдық телекоммуникациялар қамтылмаған аумақтарда жұмыс істеген кезде арнайы мобильді қосымшаны пайдалануды немесе әлеуметтік аударымдарды дербес есептеуді және төлеуді талап ететін арнайы салық режимін қолданады.

Жарияланған күні

04 желтоқсан 2025

Жаңарту күні

04 желтоқсан 2025