Меню

Страницы

Статья

Dear taxpayer!

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылатынын Сіздің назарыңызға жеткіземіз:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған адамдарға сот органдарына талап қою кезінде бюджетке мемлекеттік баж төлеуді жүзеге асыру талап етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік баждың артық төленген сомасын
қайтару мерзімі бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген
күннен бастап үш жылды құрайды (Салық кодексінің 108-бабының 6 -тармағы).

 

Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
03 декабря 2025
Тип
Press releases

Сейчас читают

16 октября 2026
Restoration of solvency and bankruptcy of citizens
16 октября 2026
Anti-corruption issues
16 октября 2026
Statistics

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты