Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы
Number of views:9
_____«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабымен сыбайлас жемқорлыққа — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деген түсiнiктеме берiлген.
_____Мемлекеттiк органдар, ұйымдардың басшылары, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi бағынышты қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауын болдырмау бойынша лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiк атқарады. Мемлекеттiк органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын iске асыруға:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
- қаржылық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
- мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу
- кәсiпкерлiк саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шаралары;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарын жою (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берген жағдайда заңдылықты қалыптастыру, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтар жасауға жәрдемдескен жағдайдарды жою бойынша шаралар қабылдау).
_____Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүкiл қоғамның iсi. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 9-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.
13 September 2024
22 October 2026