Жиі қойылатын сұрақтар
Салық кодексінің 96-бабына сәйкес хабарламалар мәлімет үшін жіберіледі және камералдық бақылау хабарламаларына жауап беруге болмайды. Камералдық бақылау хабарламалары жауап беру үшін міндетті, мерзімі 30 жұмыс күні.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Заңды. Шығыс операцияларын тоқтата тұру Салық кодексінің 118-бабында көзделген.
Иә. Салық кодексінің 50, 51- ші баптарында салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну көзделген. Кейінге қалдыру/бөліп төлеу үшін салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына жүгіну қажет.
Аукционда сатып алынғанмүліктіуәкілеттіоргандардатіркеуүшінжеңімпазжәнеборышкерқол қойған «Мүлікті сатып алу-сату»шарты және «Қабылдау–беру»актісінегіз болып табылады.
Салық төлеушінің банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған, немесе оның дебиторларында банк шоттары болмаған жағдайларда салық органы борышкердің келісімінсіз салық төлеушінің «Билік етуі шектелген мүлкінен өндіріп алу туралы» қаулысын шығарады. Осы қаулыға сәйкес тізімдеме материалдары электрондық сауда-саттықты өткізуді ұйымдастыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на жолданады.
Салық кодексінде әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл есептеу қарастырылған. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте - әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Жоқ. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушіге «сСлық берешегін өтеу туралы», «Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы» хабарламалары тапсырылғаннан кейін жүргізіледі.
Қате төленген мемлекеттік бажды қайтару үшін нысан бойынша салықтық өтініш (15-қосымша) беріледі
- салық төлеушінің кабинетінде (http://knp.kgd.gov.kz) "өтініштер"бөлімінде;
- "Электрондық үкімет" порталы арқылы (egov.kz);
- "салық әмияны"сервисіндегі Жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымша (e-Salyq Azamat) арқылы;
- "Азаматтарғаарналғанүкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚарқылықағазжеткізгіште.
Мемлекеттікбаждыңартықтөленгенсомасынқайтарудысалықорганы салық төлеуші ұсынғансалықтықөтініштіңжәнеқайтарудыңзаңдылығынрастайтынтиістімемлекеттікорганныңқұжатыныңнегізінде жүргізеді.
Қайтару өтініште көрсетілген салық төлеушінің есеп айырысу шотына төлеу орны бойынша 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.