Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуші туралы» ҚР кодекстің 96-бабына сәйкес, кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қаамтамасыз еті – бұл декларант ережелерді немесе мерзімдерді бұзса да, төлемдер бюджетке түсетін растайтын мемлеекет алдындағы міндетті қорғау шарасы (қаржылық кепілдік).
1.Қамтамасыз ету қашан қажет? Кеден органына қаржалық кепілдіктер Кодексте көзделген қатаң айқындалған жағдайдарда (91, 170, 194, 195, 196, 223, 257 және 387 баптарды қоса алғанда) берілерді. Ең жиі кездесетін жағдайларға мыналар жатады:
- Ел ішіндегі немесе ЕАЭО- дағы кеден бекеттерді арасында шетелдік тауарларды араластыру кезінде ҰБТ-ның кедендік транзиті.
- Тексеру аяқталғанда дейін тауарларды шығару декларант тауарды қоймаған алғсысы келген кезде, бірақ кеденнің мәлімделген құнына немесе тексеруге уақытты қажет ететін құжаттарға қатысты сұрақ болады.
- Кдендік сараптаманың мақсаты егер тауар зертханалық зерттеулер нәтижелерін алғанда дейін шығарылса.
- Уақытша сақталды – тауарларды сақтаудың стандартты қоймалары болып табылмайтын орындарға орналастыру кезінде (иесінің өтініші бойынша).
- Нақты рәсімдерді мысалы, тауарларды кеден қоймасының рәсіміне оларды нақты орналастырмай орналастырған кезде (уәкілетті экономикалық операторларды қоспағанда).
2.Кімнің қамтамасыз етуге құқығы бар? Кодекстің 96 – бабының 3 – тармағына сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі міндетті тек қана орындай алады:
- Декларанттың өзі-тауарлардың мәәлімдейтін және декларация тапсыратын адам.
- Кеден өкілі (брокер) – декларанттың атынан және онын тапсырмасы бойынша әрекет ететін компания.
- Өзге тұлғалар – егер оларға қатысты қамтамасыз ету талап етілетін тауарларды иеленуге, пайдалануға немесе оларға биілік етуге құқығы болса не олар экспедитор болса (кедендік транзит жағдайына).
3.Қамтамасыз етуді қабылдаудың негізі шарттары:
- Кепелдік кеден органына кеден декларациясын бергенге дейін немесе бір мезгілде не операциялар жасағанға дейін беріледі.
- Камтамасыз ету нақты (біржолғы) жеткізілімге де, бас қамтамасыз ету түрінде де еңгізілуі мүмкін (егер СЭҚ қатысушысы белгілі бір уақыт кезіңіне бірнеше кедендік операциялар жасаса).
- Еңгізілген қамтамасыз етуді тіркеуді немесе дәлелді бас тартуды кеден органы «Кеден» ұлттық ингерацияланған платформасы арқылы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүеге асырады (keden.kgd.gov.kz) ЭЦП қолдана отырып.
Естеріңізге сала кетейік, кодекстің 96-бабына сәйкес СЭҚ қатысушысы қамтамасыз етудің бас заңнамалық тәсілінің бірін өз бетінше тандай алады: ақша салу, банк кепілдік, кепілгерік, мүлік кепілі немесе сақтандыру шарты.
Репатриация - бұл сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша алынған валюталық түсімді Қазақстанға қайтару.
Басқаша айтқанда, егер қазақстандық компания шетелдік серіктесіне тауар сатса, жұмыс орындаса немесе қызмет көрсетсе, келісімшарт бойынша түскен ақша Қазақстандағы уәкілетті банктегі есепшотына аударылуы тиіс.
Сол сияқты, егер қазақстандық бизнес импорт үшін төлем жасап, бірақ мәміле жүзеге аспаса немесе шетелдік жеткізуші төлемнің бір бөлігін қайтаруға тиіс болса, ол қаражат та Қазақстанға қайтарылуға жатады.
Репатриация не үшін қажет?
Бұл талаптың негізгі мақсаты – мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау. Репатриация мыналарды қамтамасыз етеді:
• валюталық түсімнің елге түсуін;
• капиталдың заңсыз әкетілуінің алдын алуды;
• сыртқы сауда міндеттемелерінің орындалуын бақылауды;
• қаржылық тұрақтылық пен валюталық бақылауды нығайтуды.
Осылайша, репатриация нормасы халықаралық мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, ұлттық экономиканы қорғауға бағытталған.
ҚР ӘҚБтК 251-бабы бойынша жауапкершілік
Егер кәсіпкерлік субъектісі белгіленген мерзімде валюталық түсімді репатриацияламаса, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша:
• ұлттық немесе шетел валютасын репатриациялау талабын орындамаған жағдайда жауапкершілік көзделеді;
• бұзушылық сомасы 50 000 АҚШ долларына тең немесе одан асқан жағдайда тіркеледі;
• бұл әрекет қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтымауы тиіс.
Жаза шарасы – репатриацияланбаған валютаның сомасынан 20 % мөлшерінде айыппұл.
Жауапкершілікке заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар тартылады.
Ал жеке тұлғалар, егер олар кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса, бұл баптың әрекетіне жатпайды.
Тәжірибедегі негізгі себептер
Практикада мұндай бұзушылықтар көбіне келесі себептер бойынша орын алады:
• валюталық түсімді уақтылы есепшотқа аудармау;
• шетелдік серіктестермен келісімшартты дұрыс рәсімдемеу;
• контрагент тарапынан төлемдердің кешігуі;
• бухгалтерия немесе валюталық бөлім тарапынан бақылаудың болмауы.
СЭҚ ТН коды 6403 – Табаны резеңкіден немесе пластмассадан және үстіңгі жағы былғарыдан жасалған аяқ киім
СЭҚ ТН коды 2710 – Мұнай өнімдері (бензин мен дизель қоса алғанда)
СЭҚ ТН коды 1006 - Күріш
СЭҚ ТН коды 8471 – Электрондық-есептеу машиналар (компьютерлер)
СЭҚ ТН коды 8703 – Жеңіл автокөлік
экспорттаушы немесе импорттаушы валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау шарттарына сүйене отырып есептейтін, экспорт күні мен экспорттан түскен валютаның келіп түсу күні арасындағы уақыт кезеңі.
Шарттар, құрылтай құжаттары, оларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар, сондай-ақ валюталық операциялар жүзеге асырылатын және (немесе) оларды орындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар.
валюта операциялары бойынша есепке алу және есептілікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк тарапынан валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа берілетін сәйкестендіру нөмірі.