Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Мектепке дейінгі, орта, арнайы және инклюзивтік білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша бастауыш мектептің пәндері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және енгізу; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша тамыз педагогикалық кеңестерінің, конференциялардың, алқа отырысының, семинарлардың, кеңестердің және басқа да іс-шаралардың материалдарын дайындау; Қашықтықтан оқыту мәселесін үйлестіру; Бастауыш сынып деңгейінде қазақ алфавитін латын графикасына кезеңмен көшіру жұмыстарын үйлестіру; Облыстың мәселелеріне жетекшілік ету; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша халықаралық, республикалық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру; Өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, Министрліктің жұмыс жоспарының, Стратегиялық жоспарының, операциялық жоспарының, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
PIRLS халықаралық зерттеу мәселесін үйлестіру; Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.05.2020
- г.Нур-Султан, пр.Мәңгілік Ел, 8, 11 подъезд
-
74-24-17, 74-20-71