Жалпы ақпарат
Комитет туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Комитет құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Комитеттің мақсаты:
- орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- тұлғаның зияткерлік, шығармашылық негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
- Комитеттің құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.