Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Мектепке дейінгі, орта, арнайы және инклюзивтік білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Орта білім беру ұйымдарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» және Дене шынықтыру» пәндерін оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру; Жетекшілік ететін мәселелерге қатысты тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және енгізу; Білім беру ұйымдарының кітапхана қорын қалыптастыру бойынша талдау жүргізу; Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелерін әзірлеу және бекіту; Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту; Республикалық орта білім беру ұйымдарының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелде тұратын отандастарды уақтылы қамтамасыз ету, жеткізу және тасымалдау; Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің  қызметін үйлестіру; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша тамыз педагогикалық конференциясының, алқалардың, семинарлардың, кеңестердің және басқа да іс-шаралардың материалдарын дайындау; Облыс мәселелеріне жетекшілік ету; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, арыздарын, өтініштерін қарау; Жетекшілік ететін мәселелерге қатысты халықаралық, республикалық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру; «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қызметін үйлестіру; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын; ҚР БҒМ жұмыс жоспарын, ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарын, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін (БЖИ), ҚР БҒМ Операциялық жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2020 – 22.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.05.2020

Сұхбаттасу орны

г.Нур-Султан, пр.Мәңгілік Ел, 8, 11 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-17, 74-20-71