Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін басылымға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ «Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қою не қайта есепке қою туралы куәліктің болуы.
2. Редакциялық алқаның (редакциялық кеңестің) құрамы: бас редактор, жауапты хатшы, техникалық редактор (қазақ, орыс және шет тілдерінің корректоры), педагогикалық білім беру саласында ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD) бар адамдар, «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар педагог-шеберлер, әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері.
Редакция алқасы (мүшелері):
- мақалалардың журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін анықтайды;
- мақаланың жаңалығы мен зерттеу сипатын анықтайды;
- мақаланың практикалық маңыздылығы мен өзектілігін анықтайды;
- плагиатқа қарсы тексеру нәтижесін сақтай отырып, мақала авторларының этика нормаларын сақтауын бақылайды (мақала мазмұнында плагиаттың болмауы, мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 60%);
- тезистердің логикалық сабақтастығын, мақалада тұжырымдар мен пайымдаулардың болуын, дереккөздерді пайдалануды және библиографиялық тізімді рәсімдеуді бақылайды;
- мақаланың тілдік және стилистикалық сапасына баға береді.
Жариялау үшін келіп түскен барлық материалдар міндетті сараптамаға (тиісті облыс мамандарының рецензиясына) жатады.
Рецензиялау процесінен кейін редакциялық алқа (редакциялық кеңес) басылымда мақаланы жариялау немесе жарияламау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
3. Бас редактор, рецензенттер мен авторлар арасындағы жанжалдар мен мүдделер қақтығысын шешуге қатысады.
4. Басылымдарға қойылатын талаптар:
ҚР Оқу-ағарту Министрлігі ұсынған басылымдар тізіміне кіргісі келетін басылымдар 2025 жылдың 10 ақпанына дейін Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылуы керек:
1)ілеспе хат (қолы мен мөрі бар);
2)есепке қою (қайта есепке алу) туралы куәліктің көшірмесі;
3)растау құжаттары (дипломдардың, сертификаттардың, еңбек кітапшаларының көшірмелері) бар редакциялық алқаның бекітілген құрамы;
4)баспа бекіткен журналдың редакциялық саясаты;
5)плагиатты тексеру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың/лицензияның көшірмесі.
6)журналдың соңғы шығарылымының көшірмесі (бар болған жағдайда қағаз немесе электронды форматта).