«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім

беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (бұдан әрі – Комитет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында басшылықты  жүзеге асырады, реттеу және іске асыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
  2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 11 кіреберіс.
  9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді.

Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2-тарау. Комитеттің мақсаты мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

 Орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

Тұлғаның зияткерлік, шығармашылық негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

Комитеттің құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсініктемелер мен түсініктемелер беру;

Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;

Еңбек кодексінде және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;

құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша өзара
іс-қимыл жасауға құқылы;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

         1) азаматтардың орта білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, орта білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;

3) орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу;

4) орта білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

5) орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын  әзірлеу;

6) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу;

7) бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің халықаралық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

8) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

9) тиісті үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу;

10) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан. орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;

11) орта білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

12) орта білім беру үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгі шартының нысандарын әзірлеу;

13) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізуге басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру, орта білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша орта білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

14) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және осы жұмысты ұйымдастыру;

15) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда әзірлеу;

16) жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;

17) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін, оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру;

18) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

19) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлеу;

20) педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

21) орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;

22) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

23) орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді айқындау;

24) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру;

25) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеу;

26) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

27) білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін әзірлеу;

28) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

29) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу;

30) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын әзірлеу;

31) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

32) білімі туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды;

33) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын әзірлеу;

34) орта білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу;

35) білім туралы құжаттардың түрлерін, Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлеу;

36) Мемлекеттік қызметтер көрсету;

          37) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені әзірлеу;

38) «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын әзірлеу;

39) гранттардың мөлшерін және оларды беру тәртібін белгілей отырып, «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурстарды өткізу қағидаларын әзірлеу;

40) орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлеу;

41) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды келісу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

42) педагогтер лауазымдарының тізбесін әзірлеу;

43) педагогтің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын әзірлеу;

44) тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды әзірлеу;

45) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлеу;

46) үлгілік оқу жоспарларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және байқаудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

47) орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу;

48) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлеу;

49) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру;

50) соңғы үш жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру грантын бере отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру;

51) жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар тізбесін қалыптастыру;

52) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы мөлшерлерін әзірлеу;

53) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай орта білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін әзірлеу;

54) орта білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

55) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын бастауыш білім, Негізгі орта білім, жалпы орта білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту;

56) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, оларды бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласында іске асыруды жүзеге асыру;

57) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласында орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді әзірлеу;

58) орта білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу;

59) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

60) орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;

61) орта білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;

62) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

 

 

3-тарау. Комитет Төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері

 

  1. Жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
  2. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Комитет төрағасының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді және құқықтық мәселелерге жетекшілік етеді;

4) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Комитет Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4-тарау. Комитеттің мүлкі

 

  1. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
  2. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

                                         __________________________

 

положение
Дата публикации
28 сентября 2023