«Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамы
«Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы «Коммуналдық меншіктен жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысымен» құрылды.
Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық Кодексін, «Мемлекетттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы» заңдарын, өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жарғысын басшылыққа алады.
Ұлттық орталықтың мақсаты – корпоративтік басқару, әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру.
Қоғамның филиал жүйесі Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңыздағы қалаларындағы педагог кадрлар біліктілігін арттыратын17 институттан тұрады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-дағы біліктілікті арттыру курстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен білім беру бағдарламаларының және курстық даярлық жоспарларының негізінде өткізіледі, оларда Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес айқындалған тақырыптар берілген.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ, 010017, Астана қаласы, Достық 18 к.
Байланыстар: тел+7 (7172) 49 22 96
Ресми сайт: www.orleu-edu.kz
Басшысы: Қоғам Басқармасының Төрағасы Айбульдинов Еламан Қанатұлы