Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасы
Сәулет, қалақұрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасы
- аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;
- республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
- барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту;
- утверждение правил организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства;
- осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;
- Дуинг Бизнес рейтингісінде «Құрылыс салуға рұқсат беру» индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту.